«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы штабының офицерлері жауынгерлік әзірлікті тексеру аясында кешенді жедел міндетті сәтті орындап, жоғары кәсіби дайындықтарын растады. Тексерудің ерекшелігі – міндеттің алдын ала белгісіз болуында. Құрлық әскерлері штабының офицерлері Тараз қаласына келгеннен кейін ғана тапсырманы белгіледі.Ондағы басты мақсат Оңтүстік өңірінің офицерлеріне ойлау икемділігін және жағдайды жылдам талдау қабілетін барынша көрсету болды.