Айша бибі полигонында Талас ауданының әскери міндетті азаматтары үшін ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиындары аяқталды. Олар аумақтық қорғаныс бригадасының құрамында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау және тактикалық-арнайы жаттығу өткізу мақсатында шақырылды. Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен қарумен жұмыс істеу, далалық жағдайда әрекет ету тактикасы және әскери дайындықтың басқа да элементтері бойынша білім-біліктіліктерін жетілдірді.