14 Окт 2025, Вт

ӘСКЕРИЛЕР ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Жауынгерлік міндеттің орнына – ізгі ниет миссиясы: аумақты абаттандыру және шаруашылық жұмыстар. Қарттар күні қарсаңында Таразда Әуе қорғанысы күштерінің Ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) даярлау және жауынгерлік қолдану мамандарын даярлау орталығының әскери қызметшілері еріктілер акциясын ұйымдастырды. Олар қарт адамдар тұратын және қамқорлыққа алынған №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қамқорлық көмегімен келді.