24 Апр 2025, Чт

ӘСКЕРИЛЕР СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Тараз қаласында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жамбыл аудандық пайдалану бөліміне қарасты ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері бастама көтеріп, Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Фёдорович Макеев тұратын көпқабатты үйдің кіреберісінің сыртын ретке келтірді.