Арыс қаласындағы Асыл жүрек әлеуметтік орталығы КММ қарасты «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы – мүгедектігі бар балалар үшін үлкен мүмкіндік алаңы десек, артық айтқандық емес. Мұндағы қызмет тек орталық қабырғасында шектеліп қалмайды. Көмекке мұқтаж балалардың әрқайсысына жеке көңіл бөлініп, үй жағдайындағы күтімінен бастап орталықтағы қызмет алуына дейін барлығы жүйелі түрде ұйымдастырылған.