Түлкібас ауданында мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлері жыл сайын жетіліп келеді. Бұл бағытта нақты әрі жүйелі жұмысты аудан әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі атқарып отыр. Мақсат – көмекке мұқтаж әр жанды қамту, оларды қоғам өміріне бейімдеу, ең бастысы – жалғыз емес екенін сезіндіру.