Тараз қаласында Әлеуметтік сала қызметкерлері күніне орай, Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Әлеуметтік қызмет – адамгершіліктің биік өлшемі» тақырыбымен өткен шараға орталықтың 40 қызметкері қатысты.

