Келес ауданында мүгедектігі бар азаматтар, егде жастағы адамдар мен әлеуметтік тұрғыдан осал топтар үшін қолайлы жағдай жасау бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Бұл бағыттағы негізгі міндеттерді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.