Сарыағаш ауданында мүгедектігі бар балалардың өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылып келеді. Мемлекет ұсынған бұл қызмет түрлері тек баланың күнделікті қажеттілігін өтеумен шектелмей, олардың дамуына, қоғамға бейімделуіне және ата-аналарының жүгін жеңілдетуге бағытталған. Осындай қолдауға ие болып отырғандардың бірі – аудан тұрғыны Рудана Анарбаеваның отбасы.