Бәйдібек ауданында өз еңбегімен үлгі болған әлеуметтік кәсіпкер Фатима Айтеева өмірлік қиындыққа мойымаған жандардың бірі. Ол жастайынан тігін өнерін меңгеріп, осы істі өз кәсібіне айналдырған. Мүгедектігіне қарамастан, мемлекеттік грант ұтып алып, кішігірім тігін орнын ашқан. Қазір ол құрақ көрпе тігіп, аудан тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді.
