Түркістан облысының спортшылары биыл ерекше табысқа қол жеткізді. 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жерлестеріміз ел чемпионаттарында 1060, Азия біріншіліктерінде 109, ал әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Осыған орай жеңімпаздардың бір тобына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрмет көрсетіп, жаңа автокөліктердің кілтін табыстады.