Кітап — білім бұлағы! Қазан айының 24-ші жұлдызы елімізде кітапханашылар күні болып белгіленген. Бұл кәсіби мереке биыл үшінші мәрте аталып өтпек. Мәдени мұраға жауаптылар кітапханаға келуші оқырмандардың саны тұрақты дейді. Осы ретте Қызылорда қалалық орталандырылған кітапханалар жүйесі жайлы сөз етпекшіміз. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруда мұнда тұрақты түрде сан түрлі шаралар өткізіліп келеді.

