24 Авг 2025, Вс

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: ОЙЫН БИЗНЕСІНЕ САЛЫҚ КӨБЕЙЕДІ

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жергілікті бизнес өкілдері Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновпен кездесті. Жиында салық саясатына енгізілетін өзгерістер мен қосымша құн салығының мөлшерлемесін арттыру мәселесі қарастырылды.