Бүгінде он саусағынан өнер тамған жастар жетерлік. Әсіресе, ұлттық қолөнер бұйымдарын дайындап, төл мәдениетімізді жаңғыртып жүрген кейінгі буын өкілдерін көргенде қуанасың. Қордай ауданының білім бөліміне қарасты «Іскер қыздар» клубы – жалпы білім беретін мектептердің осындай шебер қыздарының басын қосқан үйірме. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүрген аудан жастары жайлы толығырақ алдағы сюжетте.