31 Июл 2025, Чт

«ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ: ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНДЕ ШЕКАРА ТӘРТІБІ МЕН ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА»

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті  Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау жөніндегі міндеттерді жүзеге асыратын аумақтық орган болып табылады. Департаментке Жамбыл облысы аумағындағы шекара учаскелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік шекара режимін сақтау, шекара арқылы заңсыз өту әрекеттерінің жолын кесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау бағытындағы жұмыстар жүктелген.