Әлем тарихындағы ең маңызды күндердің бірі — Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты мәдени іс-шара Тараз қаласында өтті. 9 мамыр – адамзат шежіресіне мәңгілікке жазылған күн. Бұл күн — ерлік пен батырлықтың, бірлік пен бейбітшілікке деген ұмтылыстың, сондай-ақ азаттық үшін төленген орасан зор құрбандықтардың символы.
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРА ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ
