Тараз қалалық білім бөліміне қарасты Балалар көркемсурет мектебінің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар – өнердің сиқырлы әлемінде» атты қалалық көркем-қолданбалы шығармашылық есеп беру семинары өтті. Іс-шарада жас суретшілер өздерінің үздік жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Қаланың мәдени өміріндегі бұл маңызды шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды. «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өткен басқосу шығармашылықпен айналысатын балаларға, олардың тәлімгерлеріне және қала тұрғындарына ерекше шабыт сыйлады.