7 Июн 2025, Сб

ҰЛТТЫҚ КИІМ АРҚЫЛЫ ҚАНАТ ҚАҚҚАН АРМАН

Мемлекет мүгедектігі бар жандарға әлеуметтік қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың кәсіп бастауына, қоғам өміріне бейімделуіне нақты мүмкіндік беріп келеді. Шардара ауданында осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті мансап орталығының бастамасымен мүгедектігі бар азаматтарға арналған қайтарымсыз гранттар, кәсіби бағыт-бағдар беру, оқу курстарына жолдама беру секілді маңызды жобалар сәтті іске асып жатыр.