10 Май 2025, Сб

ҮЗДІК СЕРЖАНТ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Тараз қаласында «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылықтың әскери бөлімдері базасында Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік сержантын анықтауға  арналған XIV республикалық байқау басталды. Жамбыл облысына еліміздің түкпір-түкпірінен өз бөлімі мен құрамаларында үздік атанған 118 сержант келіп, сайысқа қатысуда.