9 Май 2025, Пт

ҮЗДІК БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Тараз қаласында “AMANAT” партиясының ұйымдастыруымен өткен “Үздік бастауыш партия ұйымы” республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шараға партияның облыстық филиалының өкілдері, байқау комиссиясының мүшелері, бастауыш ұйым басшылары мен белсенділері қатысты.