Түркістан облысында білім саласының үздік өкілдері анықталды. «Үздік педагог» байқауы өңірде жыл сайын өткізіліп, ұстаздардың кәсіби деңгейін айқындайтын маңызды додаға айналған. Биылғы сайыста Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасынан оза шапқан — Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің арнайы пәндер бойынша оқытушысы Есенбаева Тұрсынай болды.