23 Апр 2025, Ср

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛМАҢЫЗ!

2023 жылы қаржылық пирамида белгілері бар сайттарды бұғаттау үшін 1013 сілтеме бұғатталған. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері брифингте баяндады. Қаржылық сауаттылықты талап ететін бұл заманда жауаптылар бірқатар жұмыстарды жүзеге асыруда. Мәселен жыл сайын ҚР-да әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде интернет-ресурстардағы жарнама, YouTube арналары және мессенджерлар арқылы, жүздеген адам осы заңсыз әрекетке ұрынады. Былтыр жәбірленушілердің арыздары бойынша, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 3 қылмыстық іс тіркелген.