Түркістан облысының Сауран ауданында орналасқан «Самғау» оңалту орталығы – тағдырдың сынағына мойымай, өмірге құштар жандардың екінші тынысын ашқан рухани ем орны. Мұнда бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар ғана емес, жасы ұлғайған әжелер де күн сайын таңмен таласа келіп, йога арқылы жан мен тән саулығын нығайтып жүр.