Құрбан айт мерекесі ұлық мереке. Бүгін осы тұста өңірлік коммуникациялық қызметінің баспасөз алаңында Жамбыл облысының бас имамы Құрбан айттың маңыздылығы мен құндылығы, бұл күндердің мұсылман жұртшылығы үшін алар орны жайлы тарқатып айтты. Сондай-ақ, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айт мерекесіне байланысты халыққа жолдаған Үндеуі таныстырылды.