Түркістан облысында 2025-2026 жылдардағы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталуда. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты қаралды. Жиында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы қыс мезгіліне өңірдің толық дайын болуы керектігі қатаң ескертілді.