Түркістан облысында алдағы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Әкімдік өткізген кезекті аппарат мәжілісінде жылу жүйелерінің жай-күйі мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақтылығы пысықталды. Облыс басшысы Нұралхан Көшеров бұл мәселелерді жеке бақылауына алып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.