6 Май 2025, Вт

«ҚЫЗҒАЛДАҚ МҰРАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қаратау тауларының көркем табиғатында жарқын түстерге бөленген «Қызғалдақ мұрасы» халықаралық фестивалі өтті. Шараға әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар, экологтар мен табиғат жанашырлары жиналды. Фестивальдің басты мақсаты – көктемде ғажайып гүлденуімен танымал өңірдің бірегей қызғалдақ байлығын сақтау мәселелерін талқылау болды.