18 Окт 2025, Сб

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАС МАМАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАН АЛТЫН АЛДЫ

TurkicSkills-2025 чемпионаты өз мәресіне жетті. Ақтау қаласында өткен халықаралық додаға елімізден бөлек Түркия, Әзербайджан, Мажарстан, Өзбекстан және Қызрғызстаннан 100-ге жуық студенттер мен жас мамандар қатысты. Қазақстан қүрамасы осы жарыста 6 алтын алды. Олардың бірі қызылордалық — Жансая Абдуллаева. Түркітілдес елдер арасында үздік атанып, алтын таққан жас маманды воказалдан жора-жолдастары мен әріптестері күтіп алды.