28 Июн 2025, Сб

ҚР ЭКОЛОГИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орталық атқарушы органдарының халықпен тұрақты кездесулерін өткізу туралы өкімін орындау аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Оның бұл сапары Жамбыл облысы бойынша Экология департаментімен ұйымдастырылып, мемлекеттік органдар мен өңір тұрғындары арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған.