2 Сен 2025, Вт

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА — 30 ЖЫЛ

30 тамыз – Қазақстанның әрбір азаматы үшін ерекше маңызды күн. Бұл күні ел өзінің басты құндылығы – Ата Заңын, яғни Конституция күнін салтанатты түрде атап өтеді. Биыл Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» мәдениет орталығында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен салтанатты жиын өтті.