2 Май 2025, Пт

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті. Сараптамалық пікірталастың алдында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі өңірдің алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жетістіктерімен танысты. Байзақ ауданындағы «QazMeatExport» алдыңғы қатарлы кәсіпорнының базасында ауыл шаруашылығы техникасының жаңа үлгілері, тыңайтқыштар мен тұқым шаруашылығы саласындағы озық технологиялар, сондай-ақ өңделген өнімдердің кең спектрі ұсынылған көрме ұйымдастырылды.