Ордабасы ауданында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жыл санап жанданып келеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында мүгедектігі бар азаматтарға, зейнет жасындағы қарияларға, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз санатқа жататын тұрғындарға кешенді көмек көрсетілуде. «Шапағат» орталығы – осы қамқорлықтың шынайы көрінісі. Мұнда адамдар тек уақыт өткізбейді. Олар өмірге қайта бой үйретіп, өздеріне деген сенімін нығайтып, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік алады.