Қоғамда мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту – әлеуметтік саясаттың маңызды басымдығы. Мемлекет осы санаттағы жандарға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың еңбек нарығына бейімделуіне мүмкіндік жасап келеді. Бұл бағытта Отырар аудандық Мансап орталығы тарапынан нақты әрі жүйелі шаралар қолға алынған. Сол қолдаудың нәтижесін сезінген жандардың бірі — Самат Шарап. Ол — мүгедектігі бар азамат. Өмірінің бір кезеңінде денсаулығына байланысты қиындыққа тап болып, тұрақты табыс көзінен айырылған. Біраз уақыт бойы жұмыссыз жүрген ол үмітін үзбей, өздігінен аудандық Мансап орталығына барып, жұмысқа орналасуға өтініш білдіреді.
