Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты қолдауы және облыс әкімінің үйлестіруімен қала қарқынды құрылыс алаңына айналып, жаңа нысандар мен тұрғын үй кешендері, демалыс орындары мен саябақтар тұрғындардың игілігіне берілуде. Бүгін солардың бірі Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата мемориалды аллеясы жаңғырып, халық игілігіне табысталды.

