12 Май 2025, Пн

ҚОРДАЙДА АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАП КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ

«Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы» және «7 – мамыр Отан қорғаушылар күні» мерекесі қарсаңында аудандық ардагерлер кеңесі ғимаратынан Ауған соғысы ардагерлері, Тәжік-Ауған соғысы ардагерлері, сондай-ақ, Таулы-қарабақ қақтығысының ардагерлері мен Чернобыль оқиғасының қатысушыларына арналған кабинеттер ашылып, лента қию рәсімі өтті.