3 Июл 2025, Чт

ҚОЛДАУ – ҮМІТ ЖАРЫҒЫ

Рамазан Есімбай – Түлкібас ауданындағы өмірге құлшынысы жоғары ерекше мінезді жасөспірім. 16 жастағы бозбаланың жанына қуат, тәніне күш беріп отырған – үздіксіз көрсетілетін әлеуметтік қолдау мен шынайы қамқорлық. Ол «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «халыққа қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен» бірнеше жылдан бері әлеуметтік қызмет алып келеді.