Кентау халқының жайлы өмір сүруіне әкімдік тарапынан қолайлы жағдай жасалуда. Бүгінде қалада жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алды. Бұл мәдени шаһар тұрғындарының қауіпсіз өмір сүруіне кепіл. Қала әкімі Жандос Тасов атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, бірнеше нысанды аралады.