17 Сен 2025, Ср

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің көліктік тәртіп мәдениетін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері қала аумағындағы көлік қозғалысын жіті қадағалап, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізуде.