Ағымдағыжылдың 19 сәуірінен бастап Тараз қаласында және бүкіл ел аумағында «Қауіпсіз жол» атауымен жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылуда. Ауқымды рейдтің басты мақсаты – жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейту және жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру.