Шардара ауданында мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған ерекше мекемелердің бірі – «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы. Бұл – жай ғана мекеме емес, бұл – мүгедектігі бар жандардың өмірге деген құлшынысын оятып, бос уақытын мазмұнды, мәнді өткізуіне жағдай жасайтын рухани кеңістік.