3 Июл 2025, Чт

ҚАРИЯҒА ҚАМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМҒА ҚҰНДЫ ҚЫЗМЕТ

Түлкібас ауданында әлеуметтік әлсіз топтарға көрсетілетін қолдау жылдан жылға жақсарып келеді. Әсіресе үй жағдайында көрсетілетін әлеуметтік қызметтер – көмекке мұқтаж жандардың өмір сапасын арттырып, жалғыз еместігін сезіндіретін үлкен бастама. Мұндай қамқорлықты «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «халыққа қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» жүйелі түрде жүргізіп келеді.