Бүгін Таразда Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп ұстанымы – қаржылық қауіпсіздіктің кепілі» атты ақпараттық семинар өтті. Жиынға зейнеткерлер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдері, сондай-ақ жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.