Түркістанда қаржы саласының мамандары арасында футболдан жарыс өтті. Бұл дода Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының бастамасымен және ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылған. Сайыстың негізгі мақсаты — түрлі салада абыроймен қызмет етіп жүрген мамандардың бірлігін арттыру және спортқа деген құштарлығын ұштау.
