Қазығұрт ауданында Мансап орталығының бағыттауы арқылы жұмысқа орналасқан азаматтардың қатары күн санап артып келеді. Бұл – халықты жұмыспен қамту саласындағы нәтижелі жұмыстың бір айғағы. Әсіресе, уақытша қоғамдық жұмыстарға тартылған жандар үшін бұл – жаңа мүмкіндік, өз-өзіне деген сенімділікті арттырып, қоғаммен қайта араласуға жол ашатын үлкен қадам.
