14 Окт 2025, Вт

ҚАНТ ЗАУЫТЫ ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫН

Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев ,ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік етіп, жаңа маусымдағы негізгі бағыттар мен жоспарларды жариялады. 2025 жылы аудан бойынша 2699 гектар алқапқа қант қызылшасы орналастырылды. Алдын ала есептеулерге сәйкес, биылғы жылы гектарына 45–50 центнер өнім алу жоспарда бар. Аудан аумағындағы Қант зауыты қант қызылшасын қабылдауға дайындық жұмыстарын толық көлемде жүргізіп жатыр.