27 Июл 2025, Вс

ҚАМҚОРЛЫҚҚА ТОЛЫ ҚЫЗМЕТ – ШЫН ЖҮРЕКТЕН

Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету «Тең қоғам» КММ – Отырар ауданындағы қамқорлық пен адамгершілікті ту еткен мекемелердің бірі. Бұл орталықтың жұмысы — тек қызмет көрсету емес, әр адамның өміріне жан жылуын жеткізу, күн сайын үміт пен сенім сыйлау. Үйде әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға бағытталған бұл мекеменің қызметі – көптеген азаматтың өміріне демеу, жалғыздықта қалған көңілдерге серік.