Арыс қаласындағы «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы – мүгедектігі бар жандар мен балалар үшін ашық әрі қолжетімді орта қалыптастыруда жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан бірегей мекеме. Мұнда тіркеуде тұрған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне, білім алуына және қоғаммен байланысын нығайтуға бағытталған нақты қызмет түрлері көрсетіледі.