Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында тың бастама қолға алынды. Әр аптада бір күн арнайы «Ұлттық киім күні» ретінде белгіленіп отыр. Бұл күні оқушылар мен ұстаздар сабаққа ұлттық киім киіп келеді. Жаңа дәстүр өскелең ұрпақтың өз тамырын терең танып, ұлттық болмысын сезінуіне ықпал етпек.