25 Авг 2025, Пн

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢАРЫП, ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

Түркістан қаласында инфрақұрылым саласы қарқынды дамып келеді. Биылдың өзінде 159 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланып, соның 79-ы аяқталып, пайдалануға берілді. Облыс әкімі құрылыс барысымен танысып, мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеді.