2025 жылы елімізде алғаш рет 29 қазан – Кәсіпкерлер күні ресми мереке ретінде бекітілді. Бұл күн — еліміздің экономикалық дамуына үлес қосып жүрген іскер азаматтарға деген құрметтің көрінісі. Мереке аясында Түркістан қаласында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті.
